Футзал

Рикардинью: «Интер» үшін «Қайратпен» ойын финалмен тең

Рикардинью: «Интер» үшін «Қайратпен» ойын финалмен тең
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан әлемнің үздік ойыншысы Рикардинью Prosports.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат беріп алдағы Төрттік финалы жайлы айтты.

– Қазір қандай эмоция кешудесіз? «Қайратпен» ойынде не күтесіз?

– Бұл ойын оңайға соқпайтыны анық. Жалпы алғанда Төрттік финалында осал команда болмайды. Біз үшін «Қайратпен» ойын финалмен тең. Менің ойымша бұл кездесудің нәтижесін болжау мүмкін емес.

– Сіз Игитаны қақпашы-плеймейкер сияқты ойнайды дедіңіз. Оны қалай тоқтатуды білетін боларсыз?

–Шынына келсек, оның ойыны маған ұнай бермейді. Біз бұл ойынға апталап дайындық жүргіздік. Сондықтан біз Игитаға ғана емес барлық «Қайраттың» ойыншыларына қарсы ойнауға дайынбыз деп ойлаймын. Менімші былайғы жанкүйерлерге Игитаның ойыны ұнай бермейді.

– Игитадан бөлек «Қайраттың» қандай артық тұстарын атар едіңіз?

– Біздің қарсыластарымыздың қатарында өз құрамаларында ойнайтын үздік ойыншылар жиналған. Сондай ақ Испания чемпионатында ойнаған ойыншылар да бар. Мысалға Игор за «Барселонада» ойнаған. Өз басыма Диваней мен Алешандре ұнайды. Команданың бас бапкері Какауды ерекше атап өтсе болады. Ол командасын жігерлендіре алады.

Алайда біз Төрттік финалына көп дайындалдық. Былтыр біз «Юграға» ұтылып, жанкүйерлерімізді ренжітіп алдық. Сондықтан биыл екі ойында да жеңіске жетіп сол олқылықтың орнын толтырғымыз келеді.

– «Қайрат» кездесулерді үйінде өткізеді. Бұл сіздерге қосымша салмақ салатын болар?

– Біз бұл жайлы ойламауымыз керек. «Интер» көптеген жүлдеге қол жеткізген тәжірибелі команда. Қазір біз Алматыда ойын өткіземіз. Бұл біз үшін кезекті сынақ. Барлық команданың мүмкіндіктері бірдей. Төрттік финалында фаворит болмайды.

– «Қайраттан» өткіп жатқанда финалда кіммен кездескіңіз келеді?

– Алдымен алматылық команданы өтіп алуымыз келеді. Бұл өте қиын. Ал егер таңдар болсам «Юграны» таңдар едім. Кек алу үшін емес тек солармен кездескім келеді. Мен жақсы танитын жігіттер ойнайтын «Спортингке» құрметім шексіз.

– Болашақта «Қайраттан» ұсыныс түсіп жатса қалай қарар едіңіз?

– Мен бірден «ия» немесе «жоқ» деп айта алмаймын. Егер сондай жағдай болып жатса әлемнің үздік клубтарының бірі «Интерде» менде бәрі жақсы екендігін айтар едім. Оның үстіне испандық клубпен әлі екі жыл келісімім бар. Ал шын мәнінде «Қайрат» мені қатарларынан көргісі келсе онысын көрсетуі керек.

Сөз соңында Қазақстанның барлық жанкүйерлерін футзалды жақсы көруге шақырамын. Барлықтарыңызды «Алматы-Аренадағы» «Қайрат» пен «Интер» арасындағы ойынға шақырамын. Сіздерді күтем!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер