Футзал

Чемпиондар тартысы. УЕФА кубогы кімге бұйырады?

Чемпиондар тартысы. УЕФА кубогы кімге бұйырады?
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін футзалдан УЕФА кубогының Төрттік финалында «Қайрат» испаниялық «Интермен» кездеседі.

Пиренейлік командаларды жиі ренжітетін «Қайратқа» бұл жолы қиын болмақ. Себебі, «Интердің» сапында әлемнің ең үздік футзалшысы португалиялық Рикардиньо өнер көрсетеді. Какаудың шәкірттері кәрі құрлықтың басты додасына сақадай сай дайын. Биыл алматылық клуб кезекті рет ел чемпионаты мен ел кубогында топ жарып, қайта Еременко кубогын жеңіп алды. Ендігі мақсат – УЕФА кубогы. «Қайрат» бұл турнирді жеңіп жатса, титулдары саны бойынша «Интермен» теңеседі. Қазіргі таңда, испаниялық команданың еншісінде үш УЕФА кубогы бар, алматылық ұжымда – екеу. Көптеген футзал мамандары «Қайрат» - «Интер» матчын финалға бергісіз ойын деп те айтып жатыр. Испаниялық командада қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс Умберто тер төгуде. Бұған дейін бразилиялық ойыншы «Қайраттың» намысын қорғаған болатын. Екі ұжымда да керемет ойыншылар көп, демек қос команда арасындағы ойын өте қызықты болмақ.

«Югра» – «Спортинг»

Ал УЕФА кубогының екінші жартылай финалында қазіргі чемпион «Югра» португалиялық «Спортингпен» күш сынасады. «Жасылдардың» дайындығы керемет, ал ресейлік клуб болса Алматыға бәрінен кеш келіпті. Соған қарамастан, «Югра» бұл ойынның фавориті саналады. Бірақ бұған Лео бастаған жігіттер келісе қоймас. «Спортинг» соңғы жылдары өте мықты ойыншылармен толығып, Еуропадағы азулы командалардың қатарына қайта оралды. «Спортинг» Элиталы кезеңде ресейлік «Динамоны» жарыс жолынан шығарған болатын. Бұл жолы да басты қарсыласы ресейлік команда болмақ. «Юграның» тәжірибесі мол, алайда португалиялық ұжым асыға күткен УЕФА кубогын аңсап жүр. Жалпы бұл ойын да тартысқа толы болатыны анық.

61a25a4c105ecedd00f594c941d9ff73.jpg

Қорытындылай кете, «Интердің» бас бапкерінің сөзін еске түсіргім келеді: «Интер», «Қайрат», Югра», «Спортинг» - бәрінің деңгейі бірдей». Шын мәнінде, биылғы УЕФА кубогында айқын фаворит жоқ. Жеңіске төрт команданың әрқайсысы жете алады. Ал жарыстың қазақ жерінде өтуі және оған отандық команданың қатысуына байланысты УЕФА кубогы алматылық «Қайратқа» бұйырады деген үміттеміз.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін «Алматы-Аренада» жартылай финалдық кездесулер өтеді.

17:30* - «Югра» - «Спортинг»

20:00 – «Интер» - «Қайрат»

*Астана уақытымен

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер