Футзал

Жоао Матос: Португалия шағын футбол кеңесі біздің жеңісті күтіп отыр

Жоао Матос: Португалия шағын футбол кеңесі біздің жеңісті күтіп отыр
news-banner7
mobile-news-top

Лиссабондық «Спортинг» клубының капитаны Жоао Матос өз ойын айтты.

Біздің кездесуде «Юграны» фаворит деп есептеймін. «Газовиктер» сапында Ресей құрамасының ойыншылары көп. Олар соңғы әлем және Еуропа біріншілігінде жүлдегер атанды. Ал ең бастысы олар былтырғы төрттік финалдың жеңімпазы.

Капитан болғандықтан менің мансабымдағы бұл маңызды кезең. «Спортинг» командасының жанкүйерлері өте көп. Қазақстан алыс болғандықтан олардың басым көпшілігі келе алмады. Алайда олар күнде хабарлама жазып, бізді жеңіске ынталандырып тұрады. Отбасымды да атап өткім келеді. Сонымен қатар, бүкіл Португалия шағын футбол кеңесі біздің жеңісті күтіп отыр.

Естеріңізге салайық, ертең «Алматы Арена» спорт кешенінде футзалдан төрттік финал ойындары өтеді. Сағат 17:30-да ресейлік «Югра» мен португалиялық «Спортинг» клубтары өзара күш сынайды. Ал кешкі сағат 20:00-де алматылық «Қайрат» әлемнің үздік клубы «Интермен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер