Футзал

Александр Копейкин: Жеңіліп қалсақ балаларымыз жылайды

Александр Копейкин: Жеңіліп қалсақ балаларымыз жылайды
news-banner7
mobile-news-top

«Югра» футзал клубының капитаны Александр Копейкин «Спортинг» клубына қарсы кездесу алдында өз ойымен бөлісті.

- Ертеңгі ойында өте жинақы ойнауға тырысамыз. «Спортинг» клубы өте мықты. Олардың құрамы да жаңа ойыншылармен толықты. Осы төрттік финалға арнайы жинақталған десем артық болмас. Кездесу тағдырын детальдар шешеді.

- Командада басты назар капитанда болады. Шешу сәттерде немесе ойындарда клубтастарыңызды қалай жігерлендіресіз?

- Сұрақ ынталандыру жайлы ғой. Негізінде бізді жеңіске уәждейтін нәрсе көп. Біріншіден отбасымыз біздің жеңісті асыға күтеді. Жеңіліп қалсақ балаларымыз жылайды. Оған қоса Ресейден келетін жанкүйерлеріміз үшін ойнаймыз. Екіншіден «Югра» сапында Ресей құрамасының ойыншылары көп. Ал Ресей құрамасының соңғы жылдары финалда жолы болмай жүр. Еуропа және әлем чемпионатында тек екінші орынды қанағат тұттық. Үшіншісі біз осы трофейдің былтырғы жеңімпазымыз. УЕФА кубогы тарихында екі жыл қатарынан ұтқан команда жоқ. Сол тарихқа еңгіміз келеді.

Естеріңізге салайық, ертең «Алматы Арена» спорт кешенінде футзалдан төрттік финал ойындары өтеді. Сағат 17:30-да ресейлік «Югра» мен португалиялық «Спортинг» клубтары өзара күш сынайды. Ал кешкі сағат 20:00-де алматылық «Қайрат» әлемнің үздік клубы «Интермен» кездеседі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер