Футзал

Нуно Диас: Менің қалауым болса, Леоны сатып алар едім

Нуно Диас: Менің қалауым болса, Леоны сатып алар едім
news-banner7
mobile-news-top

Лиссабондық «Спортинг» клубының бас бапкері Нуно Диас төрттік финалдың алғашқы кездесуі алдында өз пікірімен бөлісті.

- Менің әріптесім Кака айтқандай, ойын тағдырын детальдар шешеді. «Югра» клубы осы туринирдің соңғы жеңімпазы болғандықтан олар фаворит саналады. Бұл команда Ресей құрамасының базасында жинақталған ұжым. Ал Ресей құрамасын әлемдегі азулы команда екенін барлығы жақсы біледі. Біздің мақсат оларға төтеп беріп, финалға жолдама алу.

- Сіздер Алматыға барлық командадан ерте келдіңіздер. Алматы жайлы айтып өтсеңіз?

- Ия, біз Алматыға ерте келдік. Ерте келуіміздің мақсаты климатқа бейімделу болды. Сағат уақыты да Португалиядан өзгеше.

- Сіздің командаңызда «Қайрат» клубының ойыншысы Лео жалға ойнап жүр. Сол ойыншының болашағы жайлы айтып берсеңіз?

- Оның тағдыры жайлы айта алмаймын. Себебі мен клуб басшысы емеспін. Мен тек бас жаттықтырушымын. Егер менің қалауым болса, Леоны сатып алар едім.

Естеріңізге салайық, ертең «Алматы Арена» спорт кешенінде футзалдан төрттік финал ойындары өтеді. Сағат 17:30-да ресейлік «Югра» мен португалиялық «Спортинг» клубтары өзара күш сынайды. Ал кешкі сағат 20:00-де алматылық «Қайрат» әлемнің үздік клубы «Интермен» кездеседі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер