Футзал

Кака: Ойын тағдырын майда-шүйде сәттер мен қателіктер шешеді

Кака: Ойын тағдырын майда-шүйде сәттер мен қателіктер шешеді
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік «Югра» клубының бас бапкері Пауло Рикардо Фигейро Силва төрттік финал қарсаңында өз ойымен бөлісті.

- Біз бұл жартылай финалдық ойынға бір жыл бойы дайындалдық. Бүкіл ойыншыларымыз осы сәтті жігерлене күтуде. Матч тағдырын майда-шүйде сәттер мен қателіктер шешеді деп ойлаймын.

- Қандай майда-шүйде сәтттер екенін атап өтсеңіз?

- Ол біріншіден стандарттар. «Спортинг» клубы «Динамоны» стандарттарын сәтті орындап жеңіске жеткен еді. Сол себепті біз қақпамызға жақын жерде айып жасамауға тырысамыз. Ойынның басынан ақытық сықырық естілгенше дейін мұқият әрі жинақы ойнаймыз.

Естеріңізге салайық, ертең «Алматы Арена» спорт кешенінде футзалдан төрттік финал ойындары өтеді. Сағат 17:30-да ресейлік «Югра» мен португалиялық «Спортинг» клубтары өзара күш сынайды. Ал кешкі сағат 20:00-де алматылық «Қайрат» әлемнің үздік клубы «Интермен» кездеседі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер