Футзал

Какау: «Интерге» қарсы жақсы ойын көрсетеміз

Какау:  «Интерге» қарсы жақсы ойын көрсетеміз
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» АФК бас бапкері Какау УЕФА кубогының жартылай финалы жайлы пікір білдірді.

- Бұл кубокты үш рет жеңіп алған командаға қарсы ойнаймыз. Бізде әзірге екі ғана кубок бар. Клубтың тарихы мен бапкерін құрметтеймін. Барлық қарсыластарымызға құрметпен қараймыз. Осы жолы бізге «Интер» түсті. Жанкүйерлерді күтеміз. Біз өз алаңымызда ойнаймыз. Олардың қолдауы бізге қажет. Ойынға көптен бері дайындалып жатырмыз. «Алматы-Арена» көрерменге толады деп ойлаймын. «Интерде» тек Рикардиьно ғана емес, басқа ойыншылары да өте мықты. Төрттік финалға әр жылы қатыса алмайсың. Бәрінің көңіл-күйі жақсы. Физикалық тұрғыда жақсы дайындық жасадық деп ойлаймын. Тактикалық жаттығуларды әлі ойнатып жатырмыз. Бір күніміз бар. Жартылай финалда жақсы ойын көрсетеміз,- деді Какау.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер