Футзал

Нето: Біз күткен сәт осы. Алға, жігіттер!

Нето: Біз күткен сәт осы. Алға, жігіттер!
news-banner7
mobile-news-top

Ауруға шалдыққан «Қайрат» футзал клубының ойыншысы Нето Бразилиядан сәлем жолдап командаластарына қолдау білдірді.

«Жігіттер, біз күткен сәт осы! Мен сендерге сенемін, қолдарыңнан келеді. Алға, жүлдені тағы бір рет ұта аласыңдар!

Осы аптада анализ тапсырам. Сондықтан жандарыңа бара алмаймын, айып етпеңдер. Бірақ мен сендер үшін тақымды қысып отырмын!
Осы күнге дейін жақсы дайындалдыңдар, енді Жаратушы қолдасын. Іске сәт!», - деді Нето хабарламасында.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда футзалдан УЕФА Кубогының Төрттік финалы өтеді. «Қайрат» кәрі құрлықтағы ең бәсі биік турнирдің жартылай финалында испаниялық «Интер» клубымен кездеседі. Матч сәуірдің 28-не жоспарланған. Екінші жұпта ресейлік «Югра» мен португалиялық «Спортинг» кім мықтыны анықтайды. Еуропаның биылғы үздігі сауірдің 30-да анықталады. «Алматы аренада» өтетін матчқа жанкүйерлер көп барады деп күтілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер