Бокс

Фрэнк Уоррен: Сондерс келісім-шартқа қол қоюға дайын

Фрэнк Уоррен: Сондерс келісім-шартқа қол қоюға дайын
news-banner7
mobile-news-top

Промоутер Фрэнк Уорреннің айтуынша, оның клиенті Билли Джо Сондерс қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізе алмағаны үшін қапалы.

«Билли ең қапалы боксшылардың бірі шығар. Бұл жігіт, келісім-шартқа қол қою үшін қалтасына қалам салып жүреді. Бірақ одан бәрі қашады, оның ішінде Головкин де бар. Мен Геннадийдің үлкен фанатымын, бірақ олар Биллимен кездесерде екі ойлы болды деп сенемін.

Біздің тарапымыздан бәрі дайын болған. Головкиннің адамдары, біз, Лу ДиБелла (Автандил Хурцидзе промоутері) келісімге қол қойған. Соған байланысты, Хурцидзе — Лэнгфорд кездесуінің жеңімпазы Сондерске алдымен GGG-мен жұдырықтасуға мүмкіндік беретін еді. Бұл ой әлі де іске асады деп үміттенеміз», - деді Уоррен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер