Басқа

Винченцо Нибали: Жеңісімді бауырымдай болған Микеле Скарпониге арнаймын

news-banner7
mobile-news-top

Винченцо Нибали көпкүндік «Хорватия турының» жеңімпазы атанды. «Bahrain Merida» командасының 32-жастағы италиялық велошабандозы төртінші кезеңнен соң көшбасшы жейдесін алып жүріп жалпы есепте жеңіске жетті.

Винченцо Нибали турдағы жеңісін қаза болған отандасы және бұрынғы командаласы Микеле Скарпониге арнады.

«Соңғы күндер өте ауыр және қайғылы болды. Бұл жарыс Джиро д’Италия көпкүндігі алдындағы дайындықты пысықтайтын жақсы мүмкіндік. Жеңісімді бауырымдай болған Микеле Скарпониге арнаймын. Микеленің жүзінен әрқашанда күлкі кетпейтін. Оның қаза болғаны туралы естігенде сенер сенбесімді білмедім маған ол өте ауыр тиді» - деді Нибали.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер