Футзал

Эдер Лима: УЕФА кубогын екі жыл қатарынан ұтқым келеді

Эдер Лима:  УЕФА кубогын екі жыл қатарынан ұтқым келеді
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан «Югра» клубы мен Ресей құрамасының сұрмергені Эдер Лима төрттік финал қарсаңында өз ойымен бөлісті.

- Өткен маусым менің мансабымдағы үздік кезең болды. Мені оны әлі ұмыта алар емеспін. Бұл турнирдің дебютінде жеңімпаз атандық. Еуропаның әр клубы біздің орнымызда болғысы келетіні сөзсіз.

Былтырғы «Қайрат» пен «Бенфика» кездесулері есімде. Сол кезде жүйкеміз тозып, эмоция көп болды. Төрттік финал болғандықтан ойынның барлығы қиын. Себебі бұл сайысқа тек үздіктер жиналды.

Біреуді фаворит деп атап өту мүмкін емес. Еуропаның үздіктері жинақталған соң барлық команда осал емес. Ал олардың тізімінде футзал әлемінде мойындалған, деңгейі жоғары леионерлер бар.

Төрттік финалдың сұрмергені атанбақ ойым жоқ. Бар ойым бір жыл бұрынғы ерлікті қайталап, екі жыл қатарынан УЕФА кубогының иегері атану.

Айта кетейік, ресейлік «Югра» клубы соңғы УЕФА кубогының жеңімпазы. Аталмыш сайыстың екі жыл қатарынан топ жарған команда әлі тарихта жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер