Футбол

Андрей Аршавин: «Қайрат» шағын футбол клубымен жаттыққым келеді

Андрей Аршавин: «Қайрат» шағын футбол клубымен жаттыққым келеді
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» клубының жұлдызды футболшысы ресейлік Андрей Аршавин алматылық «Қайрат» шағын футбол клубымен болашақта жаттығатынын жасырмады. Аршавиннің айтуынша, ол жасөспірім кезінде жабық алаңда шағын футбол көп ойнаған.

– «Қайрат» АФК Қазақстан чемпионы екенінен хабардармын. Ол клубта бірнеше бразилиялық пен Игита ойнайды. Менің ауламда ондай ойыншыны «шайқағыш қақпашы» деп атар еді. Шынын айтқанда онымен бірге өткен жылдың аяғында жаттыққым келген. Бәлкім ол ойымды осы жылы жүзеге асырамын. «Қайраттың» деңгейі жоғары екенін білемін.

Мен институтта және Петербор қаласының жарыстарында футзал жиі ойнағанмын. Өзім сол деңгейді іштей сезінгім келеді. Себебі «Қайрат» мықты команда саналады және алматылық клуб сапында әлемдегі үздік ойыншылар бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер