Чемпиондар лигасынан шет қалған «Бавария» клубының басшылығы командаға Роберт Левандовскиді алмастыра алатын, болмаса бірге ойнайтын шабуылшы іздеп отыр.

Клубтың таңдауы «Арсенал» ойыншысы Алексис Санческе түскен көрінеді. Оның лондондық клубпен келісім шарты келер жылдың жазында аяқталады. Неміс клубы чилилік ойыншы үшін 25-30 млн еуро төлеуге дайын.

Санчес биылғы маусымда 43 ойынға қатысып 24 гол соғып 15 голдық пас берген.