Футбол

«Атырау» клубына 6 ұпайды қайтарды

«Атырау» клубына 6 ұпайды қайтарды
news-banner7
mobile-news-top

ҚПЛ-ның жаңа маусымы қарсаңында атыраулық командадан тоғыз ұпай алынған болатын. Оған «Атырау» ФК бұрынғы бас бапкері Зоран Филипович пен бразилиялық легионер Жонатасқа қарыз болуы себеп болды.

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстанның кәсіби футбол лигасына «Атырау» клубына алты ұпайды қайтарып беріп, ҚПЛ-ның кестесіне өзгерістер енгізуі жайлы үндеу тастады. Бұл ФИФА-ның тәртіптік комитетінің шешіміне байланысты жүзеге асырылды.

Ал ҚКФЛ-ның хабарлауынша, ФИФА-ның тәртіптік комитеті тарапынан оларға «мұнайшылардың» қалған үш ұпайын қайтару мен бұрынғы ойыншысы Жонатас Рикардо Соуза да Костаға жалақысын беру жайлы өтініш болмады.

Нәтижесінде, «Атырау» командасы енді 0 ұпаймен турнир кестесін қорытындылауда. Айта кетейік, «мұнайшылар» биылғы маусымда алты ойынның үшеуінде жеңіліп, ал қалған үшеуінде қарсыластарымен тең ойынаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер