Теннис

Надаль Монте-Карло «Мастерс» турнирін 10-шы рет ұтты

news-banner7
mobile-news-top

Испаниялық теннисші Рафаэль Надаль Монте-Карло «Мастерс» турнирінде топ жарып, жаңа рекорд орнатты.

Монте-Карло жарысының финалында Надаль өзінің жерлесі Альберт Рамосты 6:1, 6:3 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды.

Айта кететін жайт, Надаль осымен оныншы рет Монте-Карло «Мастерс» турнирінде топ жарды. Бұған дейін Надаль 2005-2012 және 2016 жылдары топ жарған еді. Ал осы жылы бұл турнирдің қоры 4 миллион 629 мың еуроны құрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер