Зарина Дияс 52 сатыға көтерілді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызӘйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) өз рейтингісін жаңартты.
Қазақстандықтардан алғашқы жүздікте өзгеріс жоқ. Юлия Путинцева 31-ші, Ярослава Шведова 51-ші орындарда қалды. Тек Зарина Дияс 239-дан 187-ші сатыға жоғарылады.
Әлемнің бірінші ракеткасы атағын америкалық Серена Уильямс өзіне қайтарып алды. Ал неміс Анжелик Кербер екінші орынға түсіп қалды. Үздік үштікті чехиялық Каролина Плишкова түйіндеп тұр.