Футбол

«Ақжайықтың» жеңіссіз сериясы тоқтады

«Ақжайықтың» жеңіссіз сериясы тоқтады
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 8-турында турнир кестесінде көршілес тұрған қос команда кездесті.

Оралдық «Ақжайық» өз алаңында қызылордалық «Қайсарды» қабылдаған. «Қайсар» қатарынан төрт кездесу бойы жеңіске жете алмай келеді, оның үшеуін тең аяқтаған.

Ал «Ақжайық» болса, бес матч бойы ұпай жоғалтып жүр. Қатарынан төрт ойында тең түскен.

Сондықтан, бұл қос команда үшін де маңызды матч болды.

Жанкүйерлер алғашқы таймда гол көре алған жоқ. Тек 56-минутта Руслан Валиуллин алаң иелерін алға шығарды. Бұл матчтағы жалғыз гол болатын, «Ақжайық» маңызды жеңіске қол жеткізді.

Осылайша, алтыншы сатыдағы «Ақжайық» 10 ұпай жинап, «Қайсарға» жақындай түсті. Қызылордалықтар екі ұпайға көп жинаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер