Футбол

«Астана» «Таразды» тас-талқан етті

«Астана» «Таразды» тас-талқан етті
news-banner7
mobile-news-top

Ел чемпионы «Астана» Премьер-лиганың 8-турында «Таразды» қабылдады.

«Тарлан-Аренада» өткен матчта алаң иелері ойын тағдырын үзіліске дейін шешіп тастады. 13-минутта Срджан Граховац «Астананы» алға шығарды. Ал 33-минутта Джуниор Кабананга есепті еселеді. Тайм аяқталар тұста, астаналықтардың жас ойыншысы Дидар Жалмұқан таблодағы көрсеткішті 3:0-ге жеткізді.

Бір таймның ішінде үлкен басымдыққа ие болған Станимир Стойлов шәкірттері үзілістен кейін төртінші голдарын соқты. Бұл жолы Кабананга дубль жасады. Қонақтар болса, есеп айырмасын қысқарта алмады. Қорытынды есеп – 4:0.

Осы жеңістің арқасында «Астана» 19 ұпаймен турнир кестесінде ұзап барады. Екінші орындағы «Ертістен» үш ұпайға озып тұр. Оған қоса, елордалықтар негізгі қарсыластарынан бір матч аз өткізді.

Ал «Тараздың» жағдайы мәз емес. Жамбылдықтар маусым бойы бір ғана жеңіске қол жеткізді. Команда 6 ұпаймен сегізінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер