Футбол

«Тобыл» «Ордабасыны» тағы да ұтты

«Тобыл» «Ордабасыны» тағы да ұтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Премьер-лигасының 8-турында шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында қостанайлық «Тобылмен» күш сынасты.

Бұл ойын командалардың чемпионаттағы екінші матчы болатын. Бұған дейін сәуірдің басында «Тобыл» өз алаңында шымкенттіктерді ұтқан еді (18-тур матчы ерте өткізілді). Содан кейін қостанайлықтар қатарынан үш ойында тең түскен болатын.

Ал бүгінгі матчты «Ордабасы» футболшылары сәтті бастаған. Тайм аяқталар тұста Кирилл Ковальчук алаң иелерін алға шығарды.

Алайда үзілістен кейін қонақтар қос гол соқты. Алдымен Тоқтар Жанғылышбай таразы басын теңестірсе, кейін Джордже Деспотович «Тобылды» алға шығарды. Осылайша, «Тобыл» қонақта 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Осы матчтан кейін «Ордабасы» 13 ұпаймен 5-ші орында келе жатыр. Ал «Тобыл» 16 ұпай еншілеп, үздік үштікті түйіндеп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер