Футбол

«Ертіс» пен «Қайрат» тартысқа толы ойында тең түсті

«Ертіс» пен «Қайрат» тартысқа толы ойында тең түсті
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» сырт алаңда «Ертіспен» кездесу өткізді.

«Қайрат» бірінші шабуылда-ақ қарсылас қақпасынан саңылау таба алды. Жерар Гоу 5-ші минутта гол соқты. 13-ші минутта керекуліктер пенальти тебуге мүмкіндік алып, Живкович есепті теңестіріп кетті. «Ертіс» қонақтарды қыспаққа ала бастады. 20-шы минутта Джедже соққы бағыттаған, Покатилов аяғын қойып үлгерді. Бірақ алматылықтардың қақпашысы аяғын сәтсіз қойып, жарақат алып қалды. Алаңға оның орнына Грошев шықты. 29-шы минутта Дарабаев алыстан соққы бағыттап, бұрынғы командасының қақпасына гол соқты. 40-шы минутта Джедже есепті еселей түсті.

Екінші таймда «Қайрат» Жуковты алаңға шығарды. Команда бар күшін салып алдыға ұмтылды. Бірақ соққылары қақпаға дарымады. 58-ші минутта Арзо екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Бірақ 60-шы минутта Иличевич есеп айырмасын қысқарта алды. Қонақтар осы голдан кейін шабуылды үдете түсті. Бірақ бұл еш нәтиже бермеді. Ал 88-ші минутта команда капитаны Бауыржан Исламхан айып добын тамаша орындап, есепті теңестіріп кетті.

ҚПЛ. 8 тур. Павлодар

«Ертіс» - «Қайрат» - 3:3

Голдар: Живкович 13, Дарабаев 29, Джедже 40 - Гоу 5, Иличевич 60, Иcламхан 88

Алаңнан қуылды: Арзо


«Ертіс»: Давид Лория, Руслан Есімов, Пиралы Алиев, Илья Воротников, Лаша Двали, Стефан Живкович, Родриго Антонио, Аслан Дарабаев, Франк Джа Джедже, Карлос Фонсека, Исмаэль Фофана.
Қосалқы құрам: Никита Калмыков, Владислав Чернышов, Артем Попов, Илья Калинин, Павел Шабалин, Нұрбол Жұмасқалиев, Серж Бандо, Арман Смаилов.
Бас бапкер: Димитар Димитров.

«Қайрат»: Стас Покатилов, Гафуржан Суюмбаев, Жарко Маркович, Сезар Арзо, Ермек Қуантаев, Акош Элек, Исламбек Қуат, Иво Иличевич, Бауыржан Исламхан, Андрей Аршавин, Жерар Гоу.
Қосалқы құрам: Владимир Грошев, Ян Вороговский, Елдос Ахметов, Михаил Бакаев, Исаэль Барбоза, Бауыржан Тұрысбек, Георгий Жуков, Чума Анене.
Бас бапкер: Кахабер Цхададзе.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер