Велоспорт

«Астананың» велошабандозы жол апатынан қайтыс болды

«Астананың» велошабандозы жол апатынан қайтыс болды
news-banner7
mobile-news-top

Микеле Скарпониді жаттығу кезінде жүк көлігі қағып кетті.

«Астананың» италиялық велошабандозы Скарпони жол апатынан көз жұмды.

37 жастағы оны Филоттранода жаттығу кезінде жүк көлігі қағып кеткен. Апатқа жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі. Ол велошабандозды көрмей қалғанын айтады.

Бес күн бұрын Микеле «Альпі Турының» 1-ші кезеңін жеңіп алған болатын (қорытынды есепте – 4-ші).

Скарпони мамырда өтетін «Джиро д’Италия» көпкүндігінде «Астананың» капитаны болуы тиіс еді.

Айта кетейік, 2011 жылы Скарпони испаниялық Альберто Контадор дисквалификация алған соң, Джиро д’Италия жеңімпазы атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер