Футзал

Дінмұхамед Сүлейменов: Рикардиньоны тоқтату үшін барымды саламын

Дінмұхамед Сүлейменов: Рикардиньоны тоқтату үшін барымды саламын
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Алматыда өтетін УЕФА кубогының Төрттік финалының алдында алматылық «Қайрат» баспасөз-мәслихатын өткізді. «Қайраттың» капитаны Дінмұхамед Сүлейменов команданың жарысқа дайындығы жайлы айтып берді.

- Біздің командадағы барлық ойыншылар осы жарысқа дайындық жүргізіп жатыр. Жаттығуда жүз пайызға жігерлік танытып, тек осы турнирді ойлап жүр. Бапкерлер штабы біз үшін барлық нәрсені дайындап берді. Қазір олар «Интердің» ойынын талдап жатыр. Біз ойынға толық дайын боламыз. Әрине, Рикардиньо кез-келген қорғаушыға қарсы керемет ойын көрсетуі мүмкін. Бірақ оның ойлағанын іске асырмау үшін қолымнан келгенін жасауға тырысамын.

- Сенің туған жеріңнен саған қолдау бірдірушілер ойынға келейін деп жатыр. Бұл сен үшін көмек бола ма әлде қысым ба?

- Жоқ, бұл мен үшін үлкен қолдау болмақ. Менің жақын туыстарым мен достарым келеді. Алматыда да өте көп достарым бар. Бұл мен үшін үлкен қолдау болады. Осындай атмосферада кез-келген ойыншы барын салады деп ойлаймын. Біз өз жанкүйерлеріміздің алдында бірінші рет ойнағалы жатқан жоқпыз. Сондықтан олардың қолдауы бізге көп көмек болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер