Басқа

Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Асқар Баталов ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Ведомствоның баспасөз қызметін мәлімдеуінше, Асқар Баталов туризм мәселелеріне жауап беретін болады.

Асқар Болатұлы Баталов 1964 жылы 19 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын, Мәскеу менеджмент академиясын тәмамдаған. 1994-1997 жылдары - «Райымбек» фирмасының вице-президенті. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас менеджері. 1998-2005 жылдары - «Қазинвест» қазақстандық инвестицияға жәрдемдесу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, «Қазинвест» жабық акционерлік қоғамының президенті. 2005 жылы ҚР Индустрия және сауда вице-министрі болып тағайындалды. 2007 жылдан - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы. 2009 жылдан бастап - жеке бизнесте. Сондай-ақ Еуразия экономикалық комиссиясының көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры қызметін атқарды. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.



Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер