Хоккей

«Айсұлу» клубы «Горняки» хоккейшілерін ойсырата ұтты

«Айсұлу» клубы «Горняки» хоккейшілерін ойсырата ұтты
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде шайбалы хоккейден әйелдер арасында Қазақстан чемпионатаның үшінші туры басталды.

Алматылық «Айсұлу» хоккейшілері ел біріншілігінің топтық кезеңін айқын жеңіспен бастады. Алматылық ұжым Рудный қаласынан келген «Горняки» командасын 11:0 есебімен ойсырата жеңді.

Александр Мальцев жаттықтыратын «Айсулу» хоккейшілері бірінші кезеңді 3:0 есебімен аяқтады. Олар әр шабуыл сайын қарсыластар қақпасына шайбаны тотығумен болды. Алматылық команданың хоккейшілері бірінен соң бірі шайба соғып, мергендігімен көзге түсті. Екінші кезеңде де алматылықтар аянып қалмады. Қарсыластар қақпасына бес шайба салып, айқын басымдығын көрсетті.Қонақтар бір шайба салуға ұмтылғанмен, одан нәтиже шықпады. Александр Мальцев шәкірттері үшінші кезеңді де жылдам шайба соғып, есепті 11:0 жеткізді.

Меруерт Рыспек, «Айсұлу» хоккей командасының ойыншысы:

- Рудный командасы жас хоккейшілерден құралған. Олардың тәжірибиелері аз, алайда, жыл санап олар жақсы көрсеткіштер көрсетуде. Ал біздің қыздар тәжірибиелі, халықаралық, республикалық жарыстардың жүлдегерлері. Өзіңіз білетіндей, жақында ғана әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралдық. Әрине, бұл маусымның соңы болғандықтан, шаршағандығымыз сезіліп жатыр. Бірақ, біз тек жеңіске ойнаймыз. Сонымен қатар, бапкеріміздің нұсқауларын бұлжытпай орындауға тырысамыз. Өрнекті ойын үлгісін көрсеттік деп ойлаймын.

Александр Мальцев «Айсұлу» хоккей​командасының бас бапкері:

- Әлбетте, хоккейшілердің ойнау үлгісі мен деңгейлері мүлдем ерекше. «Горняки» командасы жас, тәжірибиесіз болса, ал «Айсұлу» алматылық тәжірибиелі ұжым. Бүгінде олар шеберліктерін танытып, қарсыластарын ойсырата жеңді. Бірақ, менің ойымша, олар 20 шайба да соға алар еді. Біздің команда ел чемпионатының үздік ұжымдарының бірі. Сондықтан, дайындық деңгейлері де өзгелерден жоғары. Қазақстан біріншілігінде біздің қыздар астаналық «Томирис» хокейшілерімен бірінші орынды сарапқа салатын болады.

Айта кетер жайт, Қазақстан чемпионатының үшінші тур ойындары сәуірдің 24-і дейін жалғасады. Бүгін, «Айсулу» мен «Горняки» командаларымен қатар, «Томирис» және «Торпедо» хоккейшілері кездесті. Ойын 7:5 есебімен «Томирис» командасының басымдылығымен аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер