Баскетбол

ВТБ лигасы. «Астана» «Химкиден» ұтылды

news-banner7
mobile-news-top

ВТБ лигасы аясында «Астана» клубы өз алаңында мәскеулік «Химки» командасын қабылдады.

Тартысқа толы кездесуде астаналық баскетболшылар 17 ұпай айырмашылығымен ұтылып жатып, төртінші бөлімде қарсыласын қуып басты. Тіпті кездесудің аяқталуына төрт минут қалғанда есепте алдыға шықты. Алайда ойынның аяқталуына үш минут қалғанда жерлестеріміз ресейлік команданың бірнеше шабуылын жіберіп алды. Қорытынды есеп 87:90 (15:22, 13:24, 27:18, 32:26) мәскеулік клубтың пайдасына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер