Теннис

Қазақстандық теннисші допинг қолданғаны үшін екі жылға шеттетілді

Қазақстандық теннисші допинг қолданғаны үшін екі жылға шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Арсан Арашовтың қанынан допинг табылған. Спортшы мельдоний пайдаланғаны үшін екі жылға жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды Халықаралық теннис федерациясының (ITF) баспасөз қызметі.

2016 жылдың 9-ші шілдесінде Гандияда өткен жарыста алынған допинг-сынама оң нәтиже көрсеткен. 17 жастағы спортшы 2016 жылдың 30-шы қыркүйегіне дейін уақытша жарыстарлан шеттетілген болатын. Дисквалификация мерзімі 2018 жылдың 29-шы қыркүйек күні аяқталады. Арашовтың өтініші бойынша тәуелсіз сот анти-допингтік бұзу бағдарламасына сәйкес, тараптардың (Арашов пен ITF) дәлелдерін қарап, 10 сәуір күні спортшыны дисквалификациялау туралы шешім шығарды.

Теннисші рейтингіде 1729-орында тұр. Естеріңізге сала кетейін, мельдоний 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (ВАДА) тыйым салынған дәрі-дәрмектер тізіміне енгізілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер