Басқа

Алматы қаласында «Спорт менің ауламда» бірегей жобасының тұсаукесері өтпек

Алматы қаласында «Спорт менің ауламда» бірегей жобасының тұсаукесері өтпек
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда «Спорт менің ауламда» спорттық бағдарламасы іске қосылды. Осыған байланысты, сәуірдің 16-і күні алып шаһарда осы бірегей жобаның тұсаукесері өтеді.

Спорттық бағдарлама арқылы 7 жастан 17 жасқа дейінгі балалар жаттықтырушымен бірге, өздері қалаған спорт түрімен өз аулаларында шұғылдана алады. Жоба осы жылдың көктемінен бастау алып, 2019 жылға дейін жалғасады. Білікті нұсқаушылар белгіленген кесте бойынша күн сайын шеберлік сабақтарын өткізіп, дұрыс жаттығып, ойнауға нұсқау береді.

Бағдарламаның басты мақсаты жастар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын қалыптастыруға және де спортпен айналысуға қызықтыру. Шеберлік сабақтары тегін. Кез келген бала Алматы қаласының бар алаңдарында жаттықтырушымен, басқа балалармен бірге спортпен шұғылданып, жақсы уақыт өткізе алады.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде, Алматы қаласының спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер үлесі артып, тұрғылықты жері бойынша дене шынықтырумен айналысатын жеткіншектердің жалпы саны 2017 жылы 7% -ды құраса, 2020 жылы 30% - ға дейін жеткізу.
Айта кететін жайт, «Спорт менің ауламда» спорттық бағдарламасы осы жылы қаланың 6 әкімшілік ауданындағы жалпы саны 75 спорт алаңдарын іске қосуды көздейді.

Өткізілетін мекен-жайы: Алғабас 6 мкр-ны, ЖБМ №182 жанында.

227f8ff86f7fe4b3203926164d61e3d3.jpg

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер