Футзал

Чехияның бас бапкері: Барлық ойын 0:0 есебімен басталады

news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Чехия құрамасының бас бапкері Томаш Нойманн 2018 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстанға қарсы матч жайлы пікірін білдірді.

«Қазақстан құрамасымен бірнеше рет кездескенбіз. Өте ауыр матчтар болды. Қазақстандықтар сапалы ойын көрсетеді. Бірақ кез келген кездесу 0:0 есебімен басталады», - деді Нойманн.

Естеріңізге сала кетсек, екі турдан соң Қазақстан мен Чехия алты ұпайдан жинады. Ертең құрамалар Еуропа чемпионатына кімнің тікелей баратынын анықтамақ. Ойын Астана уақытымен 19:30-да басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер