Футзал

Чехия құрамасы Македонияны ұтты

Чехия құрамасы Македонияны ұтты
news-banner7
mobile-news-top

Еуро-2018 Іріктеу кезеңінің топтық кездесулері аясында Македония құрамасы мен Чехия құрамалары өзара күш сынады.

Ойынның бірінші таймы қызыққа толы болды. Кездесудің 3 минутында македониялықтардың бразилиялық легионері Де Соуза Даниель алғашқы болып есепті ашты, ал артынан екі минут өте Чкхия құрамасының қорғаушысы Радим Заруба есепті теңестірді. Бірінші таймның ортасынан соңына дейін македониялықтар допқа иелік еткенімен, чехиялықтар өзінің тәжірибелі команда екенін дәлелдеп, таймның соңіында қарымта шабуылдардың бірін сәтті пайдаланды. Голдың авторы команда капитаны Лукаш Решетар.

Екінші тайм бастала сала командалар дөрекі ройын көрсетіп, төрешімен жиі сөзге келе берді. Алайда бұл жолы да Чехия құрамасының ойыншылары жинақы ойнап, есепті еселеді. Нәтижесінде сол Лукаш Решетар ойындаға екінші голын соқты. Екінші таймның ортасында Македония футболшылары шашыраңқы ойнап, қақпаларына бірден үш чехиялық ойыншының жеке дара шығуына себепкер болды. Осы жолы голды Чехия командасының шабуылшысы Томаш Куделка соқты. Ойын аяқталы келе чехиялықтар ойындағы есепті еселей берді. Нәтижесінде, Лукаш Решетар, Заруба тағы бір гол еншіледі. Македония құрамасы тырысып баққанымен, екінші таймда тек екі гол соға алды. Голдарлың авторлары Драган Петровский және Даниель де Соуза.

Еуро-2018 Іріктеу кезнеңнің топтық ойыны

2 тур.

Македония – Чехия 3:7 (1:2)

Македония: Петровски, Левески, Крестевский, Глигоров, Мичевски, Исмаили, Агуши, Драган Петровский, Даниель, Сефери, Удовалиев

Чехия: Купак, Заруба, Хрдина, Мареш, Решетар, Словачек, Куделка, Сейдлер, Дрозд, Герчак, Ковашч, Яновский, Вахала, Бележ

Голдар: Даниель (3, 40), Петровский (32) – Заруба (5), Решетар (20, 24,37), Куделка(28)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер