Басқа

«Востоктың» экс-футболшысын өлтіріп кетті

«Востоктың» экс-футболшысын өлтіріп кетті
news-banner7
mobile-news-top

Өскемен қаласының тұрғындары Сапар Ашетаев пен Айбек Қанжекенов мамыр айының соңында Өскемен қаласының сыртында өлтірілген, деп хабарлайды informburo.kz.

ЩҚО прокуратурасының хабарлауынша, 2017 жылдың 31-ші мамырында ШҚО ІІД Тергеу басқармасы Өскеменнің екі тұрғынының өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастап кеткен.

Сонымен қатар, іске қатысты күдікті қаржы полициясы мен Жоғарғы соттың бұрынғы қызметкері екені анықталды.

«Алдын-ала жасалған нұсқаға сәйкес, қайтыс болғандардың бірі Астана қаласының тұрғынымен (қаржы полициясы мен Жоғарғы соттың қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкері) осыған дейін араздасқан. 30-нан 31-не қараған түні кек алу мақсатында күдікті көлікпен оларды Шешек шатқалына алып шығады. Осы жерде олардың арасында қақтығыс орын алып, астаналық екеуін қарумен атып тастаған. Аса ауыр қылмыс істегені үшін күдікті қамауға алынды», – деп жазылады баспасөз анықтамасында.

Прокуратура оқиға орнында ШҚО ІІД ҰҚҚКБ қызметкері болғанын, сонымен қатар жасалған қылмыс жайлы Өскеменнің тағы екі тұрғыны білгенін растады.

«Аталмыш азаматтар жасалған қылмысты жасырғаны үшін күдікті ретінде ұсталды. Соңғы екеуінің адам өлтіруге қатысы тексеріліп жатыр. ҰҚҚКБ қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды. Оқиғаның қоғамда резонанс алуына байланысты және тергеу жұмыстарының ашық өтуі үшін облыс прокуратурасы ШҚО ІІД-мен бірге басқарма-аралық тергеу тобын құрды. Топты облыс прокуратурасының арнайы прокуроры басқарады. Іске қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тергеу барысын облыс прокуроры мен ШҚО ІІД басшысы қадағалайды», – деді ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер