Жекпе-жек
Бокс

Қанат Ислам: Жанат Жақияновқа құрметім шексіз

Қанат Ислам: Жанат Жақияновқа құрметім шексіз
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Prosports.kz тілшісіне алдағы жоспарымен бөлісіп, отандасы Жанат Жақияновтан үлгі алатынын айтты.

- Қазіргі таңда, мамыр айында өтетін жекпе-жекке дайындалудамын, - деп бастады әңгімені Қанат. - Негізі әлі демалған жоқпын. Дайындықты осы Алматыда бастадым, артынша АҚШ-қа аттанамын.

- WBA чемпионы Жақияновпен мастер-класс өткіздіңіз. Жанат туралы пікіріңіз қандай?

- Жанат Жақиянов – Қазақ елінің мақтанышы. Барлығымыз бұл кісіден үлгі аламыз, оның деңгейіне жеткіміз келеді. Жанат ағамызға құрметім шексіз. Америкаға барып, онда чемпион атану – бұл үлкен жетістік.

bcdb0b35a468e8fdc9af6e5bb97ef09d.jpg

- Командаңызда Руслан Мырсатаевтан өзге басқа боксшылар бар ма?

- «Qazaq team» командасына он шақты қазақ боксшыны тарту ойда бар. Шетелде қазақты қазақ көтермесе, біз ешкімге керек емеспіз. Мәселен, «Голден Бой» мексикалықтармен, ал Эл Хэймон қара нәсілді боксшылармен жұмыс істейді. Сондықтан, біздің мақсатымыз - қазақ жігіттеріне көмектесу.

- Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында жұдырықтасыз ба?

- Негізі алдын-ала келісімшартқа отырғанбыз. Бұйыртса, қыркүйек айында Астанада жұдырықтасамыз. Қазір әлемнің ең танымал арналарымен келіссөздер жүріп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер