Қысқы

Шымбұлақта балалар арасында тау шаңғысынан жарыс өтті

Шымбұлақта балалар арасында тау шаңғысынан жарыс өтті
news-banner7
mobile-news-top

1-ші сәуір күні, «Шымбұлақ» тау шаңғысы мектебінің қатысушылары арасында Алматы қаласының әкімшілігінің қолдауымен CHІMBA KID’S SLALOM атты жарыс өз мәресіне жетті. Сонымен қатар, «Элитстрой» турнирдің негізгі демеушілерінің бірі ретінде қатысушыларға сыйлық дайындады.

Балаларды тау шаңғысы спортына тарту және аталмыш спорт түрінің танымалдылығын арттыру, тау шаңғысы мектебінің имиджін көтеріп, қызметкерлердің жұмысына баға беру мақсатында ұйымдастырылған жарыста үш жас шамасы аралығында сайыстар өтті.

6e3e7b948dea12e9017ca097e11d71d7.jpg

Бұл жарысқа 3-5 жас, 6-8 жас, 9-10 жас аралығында 119 қатысушы тіркелді. Оның 96-сы жарыс жолына шықты. Жалпы бағдарламасында балаларға гигант-слалом бойынша бір мүмкіндік берілді. Айта кетейік, «Белый мишка» жолында 3-5 жас аралығындағы балалар сайысқа түссе, «Профессор» жолында 6-8 және 9-10 жас шамасындағы қатысушылар бақ сынады.

Сонымен қатар, Шымбұлақта өткен додаға АҚШ, Литва, Латвия, Ресей, Украина, Германия және ҚХР елдерінен де балалар қатысты.

11fa14e9edff71634d257c629daca9c6.jpg

Бас төреші Дементьев А.М бастаған топ жарыстың қауіпсіз әрі жас жеткіншіктерге ауыр түспеуін барынша қамтамасыз етті. Турнир соңында демеушілер «Элитстрой» және «Экстремал» жүлдегерлерді марпаттап, барлық қатысушыларға сыйлық берді.

CHІMBA KID’S SLALOM, «Шымбұлақ» ТК.

Жарыс нәтижесі:

3-5 жас аралығындағы топ, қыздар:

1)Ушанева Анастасия

2)Троицкая Алиса

3)Валеева Таисия

3-5 жас аралығындағы топ, ер балалар:

1)Эмерсон Джек

2)Қаженов Тайлан

3)Кичиков Әлихан

6-8 жас аралығындағы топ, қыздар:

1)Сидорова Дарья

2)Эмерсон Флоренс

3)Акими Жанель

6-8 жас аралығындағы топ, ер балалар:

1)Ушанев Алексей

2)Бажов Тимур

3)Қасен Сұлтан

9-10 жас аралығындағы топ, қыздар:

1)Амельченко Ульяна

2)Юсупова София

3)Кисикбаева Линара

9-10 жас аралығындағы топ, ер балалар:

1)Зейтуллаев Эден

2))Валиев Вильям

3)Николаев Иван

Сонымен қатар, аталмыш жарыста «Ең жас қатысушы» номинациясын Малов Донат ұтып алса, «Жеңіске деген құштарлығы үшін» номинациясын Хишкова Владислава жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер