Қысқы

Денис Тен үздік ондыққа ене алған жоқ

Денис Тен үздік ондыққа ене алған жоқ
news-banner7
mobile-news-top

«Хартвалл Аренада» мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының ерлер арасындағы еркін бағдарламасында үшінші топ өнер көрсетті.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен екі сайыстың қорытындысы бойынша 234.41 ұпай жинады. Айта кетейік, Тен мәнерлер сырғанаудан әлем чемпионатының үздік ондығына ене алған жоқ.

Сондықтан, ол Қазақстан үшін 2018 жылғы қысқы Олимпиадада бір ғана квота алып келді.

Басқа қатысушыларды төрешілер былай бағалады: америкалық Джейсон Браун - 269.75 ұпай, ресейлік Михаил Коляда - 257.47 ұпай, канадалық Кевин Рейнольдс - 253.84 ұпай, израильдік Алексей Быченко - 245.96 ұпай және ресейлік Максим Ковтун - 245.84 ұпай.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер