Criminals
Футбол

Камерундық футболшылар заңсыз түрде Қырымда қалмақшы болған

Камерундық футболшылар заңсыз түрде Қырымда қалмақшы болған
news-banner7
mobile-news-top

Камерундық «Yaounde II Academy» клубының футболшылары Қырым ауданының Орджоникидзе Феодосия ауылында заңсыз тұрып жатқаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Крыминформ.

15 камерундық және бір бельгиялық футболшы Қырымның Ашық кубогында өнер көрсеткен. Турнир аяқталғаннан кейін футболшыларды Симферопль әуежайына жеткізген. Алайда футболшылар түбектен кетпегені белгілі болды. Кейіннен оларды полицейлер ұмтап алып, ісін сотқа берді.

Феодосия соты футболшыларға 2000 рубль көлемінде әкімшілік айыппұл салып, түбектен өз еркілерімен шығуды талап етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер