Күрес

Әлем кубогынан самбошыларымыз тоғыз медальмен оралды

news-banner7
mobile-news-top

Мәскеуде самбо спортынан өткен А.А.Харлампиев атындағы әлем кубогында қазақстандықтар тоғыз медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемнің ең үздік самбошылары өнер көрсеткен жарыста жерлестеріміз жүлделі қайтты. Оның екеуі күміс болса, жетеуі қола медаль. Күмісті ерлер арасында 52 келіде сынға түскен Бейімбет Қанжанов пен аса ауыр салмақта сынға түскен Ерасыл Қажыбаев иеленді. Сондай-ақ, ерлер арасында 62 келіде Шыңғыс Қажиақпаров, 68 келіде Серіков Нұрбол және 82 келіде Мейіржан Бақтыбаев қола жүлдегер атанды. Әйелдер арасында Гүлнұр Ерболова (52 кг), Ажар Кенбейіл (60 кг), Динара Жұмабаева (64 кг) және Арайлым Шегенова (80 кг) қола жүлделерді жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер