Теннис

Мельдонимен ұсталған теннисші жарақат алды

Мельдонимен ұсталған теннисші жарақат алды
news-banner7
mobile-news-top

Допинг дауына байланысты шеттетілген ресейлік тенисші Мария Шарапова жаттығуда жарақат алды, деп хабарлайды Daily Mail.

Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы жарақатының ауырлығы әлі белгісіз. Шарапова 26 сәуір күні басталатын Штутгарт турнирінде кортқа оралады деп күтілуде.

Айта кетейік, 2016 жылдың маусым айында Шарапова мельдони қолданғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілген. Ал CAS ұйымы теннисшінің шеттету мерзімін 2 жылдан 15 айға қысқартқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер