Футбол

Айбол Әбікен: Пенальти әділетті қойылды

Айбол Әбікен: Пенальти әділетті қойылды
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы мен «Қайрат А» командасының қорғаушысы Айбол Әбікен Люксембург құрамасына қарсы ойыннан кейін prosports.kz тілшісіне сұхбат берді.

- Ойын жайлы не айтасың? Қаншалықты қиын болды?

- Бірінші ойын болғандықтан қиын болды. Күтпеген жерден қақпамызға пенальти қойылды. Психологиялық тұрғыда тез жиналып, қарымта гол соғуымыз керек болды. Құдайға шүкір, тез арада есені қайтардық. Екінші таймда қарсыласымыз шаршап қалды. Біз оны сезіп, көбірек шабуылдай бастадық. Нәтижесінде қарсыластың қақпасына гол соқтық. Ойынның соңында сауатты қорғанудың арқасында жеңісті жұлып алдық.

- Пенальти әділетті болды ма?

- Қазіргі футбол ережесі бойынша айып алаңында қарсыласыңның жейдесінен ұстасаң, не ұстап құлатсаң пенальти қойылады. Сондықтан қақпамызға белгіленген пенальти әділетті болды деп есептеймін.

-Топтағы басты фаворит деп кімді санайсың?

- Әрине, Франция. Алайда олар тек қағаз жүзінде ғой. Ал нақ мықты алаңда анықталады және фавориттер әрдайым ұта бермейді. Алдағы ойындарда сол қағиданы дәлелдеуге барымызды саламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер