Футбол

«Ақтөбе» клубына айыппұл салынды

«Ақтөбе» клубына айыппұл салынды
news-banner7
mobile-news-top

ҚПЛ «Ақтөбе» мен «Ордабасы» клубтарының ойынында көрермендер жарыстың ресми өкілдеріне тіл тигізген.

Қазақстан футбол федерациясы Тәртіптік регламентінің 136 бабы бойынша жанкүйерлердің ресми өкілдерге тіл тигізгендігі үшін «Ақтөбе» футбол клубына 300000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұл туралы «Ақтөбе» клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған. Сонымен қатар, «Ордабасы» футбол клубының бес ойыншысы алаңда дөрекі ойнап, ескерту алғаны үшін 150000 теңге айыппұл төлейтін болды.

Айта кетейік, «Тараз» футбол клубы да айыппұлдан құр қалған жоқ. Бұл жолы матч түсіріліміне қойылатын талаптар бұзылғаны үшін қомақты қаржы төлеуге мәжбүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер