Футбол

Қазақстан жастар құрамасы Люксембургты ұтты

Қазақстан жастар құрамасы Люксембургты ұтты
news-banner7
mobile-news-top

2019-шы жылы өтетін жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан жастар құрамасы алғашқы ойынын сырт алаңда өткізіп, жеңіске жетті.

Қазақстан жастар құрамасы Люксембургпен өткен ойында небәрі жетінші минутында өз қақпаларына пенальтиден гол жіберіп алған. Алайда Никитенко шәкірттері ойынның қалған уақытында мінез көрсетіп жеңіске жете алды. Алдымен Дидар Жалмұханның пасынан кейін Александр Соколенко есепті теңестірген. Одан кейін Геворг Наджарян мергендігімен танылып, Қазақстан жастар құрамасына іріктеудегі алғашқы ойында жеңіс алып келді.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан мен Люксембургтен өзге 9-шы топта Франция, Болгария, Словения мен Черногория жастар құрамалары өнер көрсетеді.

Люксембург U-21 — Қазақстан U-21 1:2 (1:1)
Голдар:
Муратович пенальтиден 7 (1:0), Соколенко 36 (1:1), Наджарян 61 (1:2)
Ескерту алғандар: Скендерович 39, Дублин 78 — Мажитов 6
Люксембург U-21: Рулез, Эверт, Сакра, Скендерович, Дублин, Тилль, Муратович, Синани, Пинту (Прюдомм 64), Островски (Бьелич 85), Мерш (Да Силва 56)
Қазақстан U-21: Бусурманов, Мәжитов, Сламбеков, Әбікен, Наджарян (Гладченко 79), Жалмұхан (Антипов 90+2), Федин (Өміртаев 86), Соколенко, Калмуратов, Перцух, Әбілғазы.

f63db15b06931a6ece0351eedb019623.jpg

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер