Теңбіл доп әлемі
Футбол

ФИФА Мессиді қатаң жазалады

ФИФА Мессиді қатаң жазалады
news-banner7
mobile-news-top

Аргентина құрамасының шабылшысы төрт ойынға шеттетілді.

ФИФА тәртіп комитеті Аргентина құрамасының шабылшысы Лионель Мессидің Әлем чемпионатына іріктеу аясындағы Чилимен болған ойындағы тәртібіне байланысты шешім шығарды.

Сол кездесуде Месси бас төрешінің ассистентіне тіл тигізген болатын. Енді ол құрамасының алда болатын төрт кездесуінен шеттетіліп, 9350 еуро айыппұл төлейтін болады. Жаза бүгінгі күннен бастап күшіне енді. Ол дегеніміз Месси Боливия құрамасымен болатын ойынға қатыса алмайды дегенді білдіреді. Боливиямен ойыннан бөлек Ресей жерінде өтетін Әлем чемпионатына іріктеудің тағы үш ойынына қатыса алмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер