Judofans
Күрес

Қазақстандық дзюдошылар халықаралық турнирде 5 медаль алды

Қазақстандық дзюдошылар халықаралық турнирде 5 медаль алды
news-banner7
mobile-news-top

Германияның Бремен қаласында дзюдодан жастар арасында халықаралық «Мастер Бремен» турнирі өтті. Турнирге әлемнің 25 елінен 1000-ға жуық спортшы қатысты. Аталмыш жарысқта Қазақстан құрамасының спортшылары 1 алтын, 2 күміс және 2 қолаға қол жеткізді.

Отандасымыз Дәурен Сүйкенов ел намысын абыроймен қорғап, 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпиона атанды. 55 келіде финалда белдескен екі спортшы да қазақстандық спортшылар болды. Дәурен Сүйкенов жеңімпаз атанып алтынды иеленсе, Қуаныш Жақсылық осы салмақта күмісті місе тұтты. Аса ауыр салмақта татамиге шыққан балуанымыз Еркебұлан Абдулла (+100 кг) финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, финалда қарсыласына есе жіберіп, күміске ие болды. Сондай-ақ, Қайырберді Айдынбай (55 кг) мен Жасұлан Отарбек (60 кг) қоланы қанағат тұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер