Футбол

Қазақстан құрамасы жеті матч бойы жеңіске жете алмай келеді

Қазақстан құрамасы жеті матч бойы жеңіске жете алмай келеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Арменияға қонаққа барып, жеңіліп қалды.

Республикалық стадионда өткен матч алаң иелерінің жеңісімен аяқталды – 2:0.

Осылайша, Қазақстан құрамасы қатарынан жеті матч бойы жеңіске жете алмай келеді.

Бұған дейін команда Қырғызстанға қарсы жолдастық кездесуде (0:2) жеңіліп қалған болатын. Кейін 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі басталып, қазақстандықтар төрт матч өткізді - Польша (2:2), Черногория (0:5), Румыния (0:0), Дания (1:4).

Кейін Кипрде жергілікті құрамамен жолдастық кездесу өткізіп, 1:3 есебімен жеңіліс тапты. Осылайша, армяндардан жеңілістен соң біздің футболшылар сериясын жалғастырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер