Футбол

Еревандағы өкінішті жеңіліс

Еревандағы өкінішті жеңіліс
news-banner7
mobile-news-top

2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Арменияға қонаққа барды.

Құрамалар бесінші тур алдында көршілес болған. Қазақстандық футболшылар екі ұпай жинап, соңғы орында еді. Ал армян ойыншылары үш ұпаймен олардан бір саты жоғарыда тұрды.

Ереванның «Республика» стадионында өткен матч ешкім күтпеген жағдаймен басталды. Елуінші секунда-ақ қазақстандықтарға «Шахтердегі» ойынымен жақсы таныс Геворг Казарян жарақат алып, оған алаңды ерте тастап кетуге тура келді.

Алғашқы минуттарда командалар соққы бағыттай алған жоқ. Қазақстан футболшылары болса, ойын тәртібін жиі бұзды. Алғашқы 25 минуттың ішінде біздің ойыншылар ережені он рет бұзып үлгерді.

Ал 30-минутта «Ақтөбенің» бұрынғы ойыншысы Маркос Пиззелли айып алаңына енер тұста соққы бағыттады – биік. Бұған қазақстандықтар Еркебұлан Тұңғышбаевтың соққысымен жауап қатты. Бұрыштан әуелеген допты Еркебұлан жақын бұрышқа тепкен еді – дәлдік жетіскен жоқ.

38-минутта бірінші таймдағы ең қауіпті шабуыл жасалды. Пиззеллимен пас алмасқан Генрих Мхитарян ұрымтал тұстан соққы жасады – қонақтарды қақпа бағанасы құтқарып қалды.

Командалар үзіліске кетердің алдында Пиззелли Давид Лорияның қырағылығын бір тексеріп көрген. Қазақстандық қақпашы өз орнынан табылды.

Екінші таймды армениялықтар белсенді бастады. Алаң иелерінің бастапқы қарқынына төтеп берген біздің ойыншылар ақырындап ойынды теңестіре бастады.

Алайда 64-минутта Сергей Малый Мхитарянға қарсы ойын тәртібін бұзып, алаңнан қуылған. Он ойыншымен қалған қазақстандықтар қарсыластан екі гол жіберіп алды.

Алдымен, 72-минутта Мхитарян айып алаңына еркін еніп, алыс бұрышты дәл көздеді. Үш минуттан соң қонақтардың қорғанысында кеткен қатені сәтті пайдаланған Араз Озбилиз есепті еселей алды. Екі сәтте де Лорияға допты тек көзбен шығарып салмасқа амал қалмады. Қорытынды есеп – 2:0.

Айта кетейік, армяндар осы жеңісінің арқасында алты ұпай жинап, төртінші орынға көтерілді. Ал Бородюк шәкірттері соңғы орында қала бермек.

Армения – Қазақстан 2:0 (0:0)

Голдар: 1:0 – Мхитарян 72, 2:0 – Озбилиз 75

Ескертулер: Саркисов 28, Ароян 48, Озбилиз 77 — Бейсебеков 18, Малый 19, Тагыберген 53

Алаңнан қуылды: Малый 64

Армения: Бегларян, Ароян, Восканян, Андонян, Малакян, Пиззелли (Манучарян 65), Казарян (Барсегян 5), Саркисов (Озбилиз 70), Оганесян, Мхитарян, Айрапетян

Қазақстан: Лория, Малый, Қуат (Дмитренко 81), Тұңғышбаев (Мужиков 79), Тағыберген, Исламхан (Байжанов 87), Нұрғалиев, Сүйімбаев, Нөсербаев, Шомко, Бейсебеков

Бас төреші: Александар Ставрев (Македония)

26 наурыз. Ереван. Вазген Саргсян ат. Республикалық стадион

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер