Футбол

Мхитарян Қазақстан ойыншыларының жалпы құнынан екі есе қымбат

Мхитарян Қазақстан ойыншыларының жалпы құнынан екі есе қымбат
news-banner7
mobile-news-top

Армения құрамасының көшбасшысы Генрих Мхитарян Қазақстанның бүкіл ойыншысын қосқанда да қымбат саналады.

Transfermarkt.de порталының мәліметтеріне сүйенсек, Армения құрамасы ойыншыларының трансферлік бағасын қосқанда 46,8 миллион еуроны құрайды. Бұл бағаның 79%-ын «Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Генрих Мхитарян алып тұр. Ол 37 миллионға бағаланған. «Бешікташтың» хавбегі Араз Озбилиз 1,2 миллионмен екінші орында тұр. 1 миллионға бағаланған Геворк Казарян («Маритиму») үшінші орында.

Ал Қазақстан құрамасы футболшыларының жалпы құны – 16,85 миллион еуро. Командадағы ең қымбат ойыншы – жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан (1,8 миллион). Қорғаушылар Юрий Логвиненко мен Дмитрий Шомко 1,2 миллионға бағаланады. Қақпашы Стас Покатилов пен шабуылшы Роман Мұртазаевтың трансферлік құндары – 1 миллион еуро.

Айта кетейік, бүгін Астана уақытымен 22:00-де Армения мен Қазақстан 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Ереванда кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер