Футбол

Артур Едигарян: Армения Қазақстан құрамасын жеңеді

Артур Едигарян: Армения Қазақстан құрамасын жеңеді
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» пен Армения құрамасының бұрынғы ойыншысы Артур Едигарян Prosports.kz тілшісіне бүгінгі Қазақстанға қарсы ойын жайлы айтып берді.

- Бүгінгі ойын өте тартысты болмақ. Менің ойымша, Армения құрамасы жеңіске жетеді. Біздің командамыз мықты ойыншылардан жасақталған. Қазақстан да осал ұжым емес, бұған қоса командада жаңа бас бапкер. Бірақ мен бүгін Арменияға жанкүйермін.

- Қазақстан құрамасы Арменияны ұту үшін не істеуі қажет?

- Бұл - футбол, мұнда бәрі мүмкін. Қазақстан құрамасы тактикалық тұрғыда сауатты өнер көрсетеді. Есесіне біздің шабуылымыз керемет: Геворг Казарян, Генрих Мхитарян, Маркос Пизелли, Араз Озбилиз, Эдгар Манучарян, Артур Саркисов, Руслан Корян, Эдгар Малакян. Аталмыш ойыншылардың әрқайсысынан қауіптену қажет.

Естеріңізге сала кетсек, Армения - Қазақстан матчы бүгін, Ереван қаласында өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер