Бокс

Головкин Сондерспен шықса, рекордты көлемде сыйақы алады

Головкин Сондерспен шықса, рекордты көлемде сыйақы алады
news-banner7
mobile-news-top

WBA(Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин WBO чемпионы Билли Джо Сондерске қарсы жекпе-жекте қанша табыс табатыны анықталды.

Boxing Kingdom твиттерінің ақпаратына сүйенсек, танымал бокс сарапшысы Дэн Рафаэль Астанада өтуі мүмкін жекпе-жекте қазақстандық 10 миллион доллар алуы мүмкін екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин маусым айында Астанада өтетін ЕХРО көрмесі аясында ұйымдастырылатын бокс кешіне қатысатынын мәлімдеген болатын. Бұл кеште қазақстандық Билли Джо Сондреспен жұдырықтасып, орта салмақтағы барлық белбеулерді біріктіруді жоспарлауда.

Бұл сомадағы сыйақы, оның мансабындағы рекордты көрсеткіш болмақ. Джейкобспен болған жекпе-жекте ол 2,5 миллион доллар алды. Ал, жалпы мансабындағы ең көп сома Англияда өткен Брукқа қарсы кездесуде түскен еді. Ол кезде Головкин 4 миллион табыс тапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер