Бокс

Леффлер Головкин - Альварес жекпе-жегі өтуі мүмкін жерлер туралы айтты

Леффлер Головкин - Альварес жекпе-жегі өтуі мүмкін жерлер туралы айтты
news-banner7
mobile-news-top

К2 Promotions компаниясының атқарушы директоры Том Леффлер қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жек өтуі мүмкін жерлер туралы айтты.

«Бокс кешін өткізу жайлы айтсақ, біз Golden Boy-дың таңдауына келістік. Геннадийге қайда жұдырықтасса да бәрібір. Оның Нью-Йорктегі МСГ-де көп жанкүйері бар. Сонымен қатар, Джерри Джонс кездесуді Далласта өткізгісі келеді. Лас-Вегастағы MGM казиносы мен T-Mobile Arena кешенінде өткізуге де мүмкіндік бар. Менің ойымша, бұл жекпе-жек қай жерде өтсе де аншлаг жинай алады», — деді Леффлер TMZ.com басылымына берген сұхбатында.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер