Футзал

Футзалдан ел чемпионаты: Қорытынды

Футзалдан ел чемпионаты: Қорытынды
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. «Қайраттың» алтыны дәстүрге айналғанымен, маусым өте қызықты өтті.

«Қайрат»

65ab25f03913219bab3106f8388506d1.jpg

Кәрі құрлықтың үздік клубтарының бірі өздерінің фаворит екендерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Какаудың командасы тек екі рет ұпай жоғалтып, 100-ден аса гол соққан.

Еременко кубогының үздік ойыншысы атанған Дуглас ішкі біріншілікте де өзінің көшбасшы ойыншы ретінде көрсете алды. Қазақстан құрамасының қорғаушысы 16 гол соғып, команданың үздік сұрмергені атанды. Алматылық жанкүйерлерге жақсы таныс Дуглас, Диваней (14 гол), Першин (13 гол) және Алешандреден (12 гол) бөлек, «Қайраттың» нәтижелі ойыншыларының қатарына Азияның үздік футзалшысы – ирандық Хоссейн Тайеби (14 гол) кірді. Айта кету қажет, «Қайраттың» шабуылшылары Золтан Дрот пен Дуглас Нуньес үздіктер қатарына әртүрлі себептерге байланысты кіре алмады. Венгриялық денсаулығына байланысты жиі қиындық көрсе, бразилиялық командаға тек қаңтарда қосылды, сонымен қатар, бұл оның Бразилия сыртындағы алғашқы тәжірибесі.

Әрине, «Қайрат» үшін Нетоның ауруы ең басты кедергі болды. Қорғаушы командаға қажет ойыншы екенін дәлелдеген болатын. Қазіргі күні Какау бұл мәселені шешуге тырысып, Дінмұхамед Сүлейменов пен Шыңғыс Есенамановқа сенім артып отыр.

Нетоның ауруынан бөлек, «Қайрат» маусым барысында Александр Упалев және Данило Барон екеуімен қоштасты. Сонымен қатар, қыста команда қатарына Дуглас Нуньестен бөлек, универсал Кабруева қосылған болатын. Екеуі де ұжымға сәтті енді. УЕФА кубогы олар үшін өздерін тексеретін ең жауапты турнир болмақ. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының ойыншысы Дәурен Нұрғожин жарақатын емдеуде.

Маусым қорытындысын алматылықтардың капитаны Дінмұхамед Сүлейменов қорытындылады:

– «Қайрат» үшін ішкі біріншілік сәтті өтті. Біз уақытынан бұрын чемпион атандық. Әзірге маусымға қойылған тапсырмаларды орындаудамыз, бірақ басты мақсат - УЕФА кубогының Төрттік финалы. Қазір біз дәл осы турнирді ғана ойлап жүрміз.

«Аят»

9a8a5f3333472516e636a2ce67750fd7.jpg

Сөз басында рудныйлықтар сапында маусымның үздік сұрмергені Эрик ойнайтынын айта кетейік. Оның 24 голы - команданың соққан голдарының ширек бөлігі. «Аят» «Қайратты» тоқтата алған командалардың бірі, яғни жеңілмеді.

Эриктен бөлек, «Аят» құрамында тағы үш бразилиялық – қақпашы Селиньо, Жоао Жайро (9 гол) және Майкон (8 гол) команданың жетістігі үшін көп үлес қосты.

Маусымның алғашқы жартысында «Аят» тек екі жеңіліс тауып, сенімді өтті. Екінші айналымда рудныйлықтар қиындыққа тап болды, бірақ дер кезінде өзіне қажетті нәтижеге жете алды. Әсіресе, сырт алаңда «Ақтөбеден» (5:4) басым түскен ойын маңызды еді. Жалпы алғанда, «Аят» «Жетісумен» (3:0, 4:4) болған ойында медаль алды десек болады.

«Аят» екінші жыл қатарынан чемпионатты күміс жүлдемен аяқтады. «Қайрат» УЕФА кубогының Төрттік финалында жеңіске жеткен жағдайда, рудныйлықтар еуропалық турнирге қатысуға мүмкіндік алады.

«Ақтөбе»

673df352f889f0f06c2dc77214e7ee17.jpg

Дәстүрге сай, батысқазақстандық клуб жаужүректігі мен өз күшіне сенетін команда ретінде көзге түсті. Айта кету қажет, биыл ақтөбеліктердің жағында болған бірнеше фактор бар еді. Олар: облыс басшылығының қолдауы, мықты құрам мен тамаша бапкер.

Команданың тәжірибелі капитаны Григорий Шамро өзінің елдегі үздік қақпашылардың бірі екенін дәлелдеді, сонымен қатар Қайрат Иманалин (9 гол) өзін ұжымның көшбасшы ойыншыларының бірі ретінде көрсетті. Жастар арасында Альберт Ақбалықов (7 гол) сәтті ойын көрсетті. Аты аталған үш ойыншы да Қазақстан құрамасының алдағы матчтарына шақырту алған болатын.

Бірақ, «Ақтөбе» сапында легионерлер маңызды рөл атқарды. Джонатан мен Эрик 16 және 15 гол соқты. Бұл нәтижелерімен олар чемпионаттың бомбардирлер тізіміне енді. Тағы бір бразилиялық Габриэль Вентура ақтөбеліктер қорғанысын нығайтты.

«Ақтөбенің» бапкері Олег Солодовник маусымға өз бағасын берді:

– Бізге екінші орын алу тапсырмасы қойылған еді. Өкінішке қарай, біз тек маусым басында құрам жинадық. Бразилиялықтардың визасын рәсімдеп үлгермедік. Менің ойымша, егер біз үлгергенімізде, екінші орын алатын едік. Ойынға келер болсақ, «Аяттан» кем түспейміз. Өз жұмыстарын алаңда адал атқарғандары үшін жігіттерге алғыс білдіремін.

«Жетісу»

06f2d3a1d2d83b6b4243a6b4126af867.jpg

Талдықорғандық клуб «Ақтөбемен» бірге ерекше командалардың қатарында десек болады. Себебі, дәл осы екі клуб футзалдық болашағын ойлады. «Жетісу» командаға тәжірейбелі Николай Пенгрин, Александр Довгань, Аслан Смақов және жас жігіттерді жинады.

Арнольд Кнауб, Илья Мун мен Александр Гуров сияқты ойыншыларды біз естіген болсақ, Біржан Оразов пен Дәурен Тұрсағұлов жайлы енді біле бастадық. Әсіресе Оразов «Жетісудың» көшбасшылары ретінде ойын көрсеткен болатын. 22 жастағы шабуылшы 8 гол соғып, Қазақстан құрамасына да шақырту алды. Сондай-ақ, бірден құрама сапында Беларуське қарсы ойында гол соғып үлгерді. Алесио құрамаға «Жетісудан» 4 ойыншыны шақырған («Қайратта» ғана көп).

«Жетісу» біріншіден, өзінің тікелей бәскелестеріне қарсы бірқалыпты ойын көрсете алмады. «Аят» пен «Актөбе» шешуші сәттерде талдықорғандықтардан мықтырақ болды. Дегенмен, «Жетісу» Қазақстан кубогының финалына шыға алды. Келесі маусымда жетісулықтар команда құрамын күшейтіп, жүлделі орындарға бұдан да тегеурінді талас жүргізуі әбден мүмкін.

СДЮШОР №7

8c5605429391087f051b7c7f76f3e4fc.jpg

Нәтижеге келсек, әрине, сәтті деп айтуға келмейді. Шымкенттік команда тек өзінің түлектерінен жасақталған болатын. Бұлар үшін маусым үлкен тәжірейбе алаңы болғаны анық. Бұл өз кезегінде СДЮШОР №7 командасының бірнеше ойыншысына болашақта өзін көрсетуге өте қажет болмақ.

Турнир кестесі

О Жеңіс Тең Жеіңіліс Гол Ұпай

1 Қайрат 16 14 1 1 113-24 43

2 Аят 16 9 2 5 78-51 29

3 Ақтөбе 16 8 2 6 89-47 26

4 Жетісу 16 5 3 8 55-60 18

5 СДЮШОР № 7 16 0 0 16 29-182 0

Бомбардирлер:

24 – Эрик («Аят»)

16 – Джонатан («Ақтөбе»), Дуглас («Қайрат»)

15 – Эрик («Ақтөбе»)

14 – Тайеби, Диваней (екеуі де - «Қайрат»)

13 – Першин («Қайрат»), Жульерме («Жетісу»)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер