Велоспорт

Алексей Луценко «Дварс доор Влаандерен» жарысында қола алды

Алексей Луценко «Дварс доор Влаандерен» жарысында қола алды
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» командасының шабандозы Алексей Луценко «Дварс доор Влаандерен» (Әлемдік тур) жарысында үшінші орын алды, деп хабарлайды команданың ресми сайты.

Пелетоннан суырылып шыққан үш шабандозбен отандасымыз бірге болды. Мәреге 9 шақырым қалғанда Бельгия чемпионы Жильбер шабуылға шыққан. Бірақ, Луценко бұған жауап қайтарып, өз орнында қалды. Кейін Лампарт көш басына шығып, алға оза алды. Бұл шабуыл Лампартқа жеңіс әкелді. Кейін екінші болып Жильбер мәре сызығын кессе, қазақстандық үздік үштіктің қатарынан көріне алды.

«Жарыс қиынға соқты, бірақ менің нәтижеге көңілім толады. Жильбер шабуылды алыстан бастады. Мен оның соңына түсе алдым. Дегенмен, үшінші орын да жаман нәтиже емес. Quick-Step командасының екі шабандозына қарсыласу қиынға соқты. Бірақ осындай ауыр әрі маңызды жарыста жүлдегер болудың өзі көңіл қуантады. Алда әлі екі жарыс бар. Сол қашықтықтарда бұдан да биік нәтижеге жете аламын деп үміттенемін», - деді Алексей Луценко.

«Дварс доор Влаандерен»

Руселаре - Варегем, 203,4 шақырым

1. Ив Лампарт (Бельгия, «Quick Step») 4:47:26

2. Филипп Жильбер (Бельгия, «Quick Step») +39

3. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана») +39

...

12. Матти Брешель (Дания, «Астана») +1:03

46. Лауренс де Вриз (Бельшия, «Астана») +1:54

63. Трульс Корсет (Норвегия, «Астана») +1:54

77. Оскар Гатто (Италия, «Астана») +1:54

87. Дмитрий Груздев (Казахстан, «Астана») +2:02

121. Руслан Тлеубаев (Казахстан, «Астана») +4:32

149. Риккардо Минали (Италия, «Астана») +8:44

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер