Criminals
Футбол

Футболшы тікелей эфирден әйелі мен көңілдесіне ризашылығын білдірді

Футболшы тікелей эфирден әйелі мен көңілдесіне ризашылығын білдірді
news-banner7
mobile-news-top

Оңтүстікафрикалық «Фри Стейт Старс» клубының шаубылшысы Мохаммед Анас «Аякс Кейптаун» клубына қарсы ойыннан кейінгі берген сұхбатында абайсызда әйелінің көзіне шөп салып жүргенін айтып қойды.

«Матчтың үздік ойыншысы атанғаным үшін алғысымды айтамын. Жанкүйерлерімді, әйелімді және қызымды бағалаймын. Кешріңіз, әйелімді меңзеп тұрмын. Мен жан-жарым, Лизел, мен сені қатты жақсы көремін», - дейді футболшы.



Уақыт өткеннен соң Анас қайта кешірім сұрады.

«Мен оны қатты жақсы көремін. Ол маған маңдайы торсықтай екі баланы сыйлады. Ол өте керемет әйел. Менің қандай адам екенімді жақсы біледі, сол себепті оның менің абайсызда айтқан сөздердімді қалай қабылдайтынын жақсы білдім. Енді мен танымалмын, бүкіл әлем мен туралы сөз қозғауда. Отбасымда қызымды осылай атайтынымды жақсы біледі. Бар мәнісі осы. Басқа қызым жоқ», - деп ақталуға тырысты футболшы.

Айта кетейік, Анас ЮАР мемлекетінің азаматшасымен жеті жыл бойы заңды некеде тұрады және олардың екі баласы бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер